Баспанаға қол жеткізу үшін үміткердің табысы назарға алынады
«Бірыңғай тұрғын үй саясатын жүргізу» бағдарламасы бойынша баспанаға қол жеткізу үшін үміткердің табысы назарға алынады. Мәселен бір отбасы мүшесінің табысы 29 700 теңге болса, мұндай жанұяға үй сатып алу құқығынсыз жалға беріледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ал, «Бақытты отбасы» бағдарламасы бұрынғыша жұмыс істейді. Отбасындағы бір адамның табысы айына кем дегенде 59 400 теңге болуы шарт. Ал, егер табысыңыз жоқ дегенде 92 мың теңге болса, әкімдіктердің «5-20-25» несиелік баспаналарына үміткер бола аласыз. Олардың қатарына әскерилер, бюджеттік және мемлекеттік қызметшілер кіреді. Егер айлығыңыз ең төменгі күнкөріс деңгейінен 3,1 есеге көп болса, онда «7-20-25» бағдарламасымен баспаналы болуға мүмкіндік бар. Табысы айына 148 мың 500 теңгеден асатындар «Орда» несиелік ипотекалық компаниясы, «Баспана-хит», тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы пәтер алуға болады. Кезекті ашық түрде көріп отыру үшін Республикалық кезекте тұрғандардың базасы енгізілуде. Жүйедегі ақпаратты кезекте тұрған азаматтар көре алады.
Баспана алуға арналған бағдарламалар
«Бірыңғай тұрғын үй саясатын жүргізу»
1 отбасы мүшесі - 29 700 тг
«Бақытты отбасы»
1 отбасы мүшесі - 59 400 тг
«5-20-25» бағдарламасы, «7-20-25» бағдарламасы
1 отбасы мүшесі - 92 000 тг
«Орда» несиелік ипотекалық компания, «ТҚЖБ», «Баспана-хит»
1 отбасы мүшесі - 148 500 тг