Жамбыл облысы Шу ауданында Қонаев ауылының әкімі мен аудан әкімдігінің қызметкеріне қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әкім жергілікті кәсіпкерден 200 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді.
«Қонаев ауылының әкімі Шу ауданы әкімдігінің қызметкері арқылы сот шешімімен қызметін тоқтатқан тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын пайдаланғанда шаралар қабылдамауы үшін және жалпы қамқорлығы үшін жеке кәсіпкерден 200 мың теңге пара алды деп күдіктелді», - деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова Астанада өткен брифингте.
Күдіктілер өз кінәсін толық мойындады және қылмыстық іс жеделдетілген тәртіпте қаралуда.