«Алатау ауданының іргетасын қалаған – Нұрсұлтан Назарбаев». Бұл тіркес текке айтылмаса керек. Себебі жас аудан оның бастамасымен құрылды, түйіткілді мәселер шешілді. Назарбаевпен қызмет барысында бірнеше рет кездескен ауданның ардақты ардагері Құдайберген Қабдолдин Almaty.tv тілшісіне ауданның қалай танымастай өзгергенін айтып берді.
Алатау 2008 жылы құрылған жас аудан. Аз уақыттың ішінде көркейген мекеннің әрбір сәті ардагердің көз алдында. Алғашқыда 141 мың тұрғыны болған ауданда халықтың әлеуметтік хал-ахуалы төмен болды дейді ол. Балабақша мен аурухана жоқ, мектеп болса жеткіліксіз. Құрылғаны сол, Елбасы жауаптыларға тез арада әлеуметтік нысандар салуға тапсырма береді. Тікелей өзі қарап қадағалайды. Тіпті, олардың ашылу салтанатына қатысып, тұрғындардың қуанышымен бөлісуді де Елбасы ұмыт қалдырмаған.
«Алғашқы бес жылда Алатау ауданында 9 мектеп, 5 балабақша салынды. Елбасы 13 жылдың ішінде бір Алатау ауданының өзіне 9 рет келді. Халық тұрмысын, әлеуметтік жағдайын көтеруге жұмыс күшін орналастыруына тікелей басшылық жасауы – Елбасының нағыз білімгерлігі десек, артық айтқандық емес», – деді Алатау аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Құдайберген ҚАБДОЛДИН.
Ең алғаш ауданға көшіп келген алатаулықтардың басты проблемасы жерді заңдастыру еді. Заңсыз үйдің кесірінен тұрғындар әлеуметтік көмек, зейнетақы мен балаларына жәрдемақыларын да ала алмады. Аудан құрылғаннан бастап, Құдайберген ардегер халықтың сөзін сөйледі. Елбасымен кездескен сайын көпшіліктің мұң-мұқтажын жеткізіп отырды. Назарбаев қолға алған бірде-бір іс аяқсыз қалған емес дейді ардагер. Бүгінде бәрі де оң шешімін тауып, жас елдімекен 400 мың тұрғыны бар алып ауданға айналды. Ардагер Елбасымен ең алғаш рет 2005 жылы Ақордадағы жиында кездеседі.
«Екінші рет келген кезде Елбасының қаглездігі сонша, «мен сізді танимын» деп бастады сөзін. Алатау ауданы бойынша 9 кездесудің 5 кездесуінде мен өзім тікелей қатыстым», – деді Алатау аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Құдайберген ҚАБДОЛДИН.
Сол кездегі жүздесуде Елбасының сөйлеген сөзі мен құрған жоспарлары әлі күнге дейін ардагердің мұрағатында сақтаулы. Ол – бүгінде ауданның құрметті азаматы. Басшылық қызметтегілер ел игілігі үшін атқарар жұмыстарды бастамас бұрын Құдайберген ақсақалға келіп ақылдасып, батасын алады.
Ұлағат Арғын, «Алматы» арнасы