Оңтүстік Астанада 120-дан аса адам қатысқан тылды қамтамасыз ету мамандарының жиыны өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Ондағы мақсат - әскери дағдыларды қалыптастыру мен жетілдіру деңгейін арттыру. Дайындық барысында тәжірибелі нұсқаушылардың басшылығымен міндеттілер әскери шаруашылықты жүргізу, тамақтануды ұйымдастыру, киім-кешек заттарымен қамту сынды тылды қамтамасыз ету бойынша оқудан өтті. Салтанатты жиынға қатысушыларға әскери атақтар беріліп, алғысхаттар да табыс етілді.
- Жиын қорытындысы бойынша 50-ден астам маман әскери шен алды. Мадақтау қағазы мен шендік дәрежесінің өсуін ұсынып, басқарманың атынан мақтау қағаздамен марапаттадық, - дейді ҚР Қарулы күштері тыл бастығы басқармасының штаб бастығы Заңғар Омаров.
Оқи отырыңыз: Қорғаныс министрлігінің әскери институты қос дипломды төрт жылдық білім беруді енгізуде