Еліміздегі зауыттар 2 млн тонна өнім өндіре алады
Қазақстанда күнбағыс майының тапшылығы жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, еліміздегі күнбағыс майын өңдейтін зауыттардың қауқары 2 млн тоннаға дейін өнім өндіруге жетеді. Тіпті, 15 мың тонна күнбағыс, 68 мың тонна шикі күнбағыс майын шығаруға квота енгізілген.
«Біз тепе-теңдікті сақтап қалуға талап қойып отырмыз. Біріншіден, күнбағыстың өзін шығаруға рұқсат етіп, өз зауыттарымызға жүктеп, күнбағыс майын өндіретіндей деңгейге шығару. 1 млн тонна күнбағыс емес, 4 млн тонна өндірілсе, зауыттарымыздың қуаттылығы 2 млн. болса, күнбағыстың шектеу квотасын қоймайтын едік», – деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.