|
01.02.2020 | 17:06
3771

Алматы әуежайында коронавирусқа қарсы шаралардың жүйелі орындалуы Өңірлік штаб тарапынан тексерілді

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың төрағалығымен коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі шараларды жүзеге асыру аясында Өңірлік штабтың көшпелі отырысы өтті

Алматы әуежайында коронавирусқа қарсы шаралардың жүйелі орындалуы Өңірлік штаб тарапынан тексерілді пресс-служба акима Алматы

Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Т. Әбілдаев және Алматы қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы А. Молдағасимова, Алматы шекаралық бақылау жасағы бастығының бірінші орынбасары А. Ушпаев күшейтілген санитарлық-карантиндік бақылауды қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұдан басқа, санитарлық-карантиндік бақылау үшін Алматы қаласының халықаралық әуежайына бағыт алынды.

Әуежайды аралау барысында сүзгі аймағының, медициналық пункт, тепловизорлардың жұмысы тексерілді. Қауіп-қатер аймағынан келген адамдармен жұмыс істеу ережелерін сақтауды бақылайтын әуежай қызметкерлерінің, көші-қон полициясының, медицина қызметкерлерінің жұмысына ерекше назар аударылды.

Туристік және көші-қон ағындарын ескере отырып, Алматы халықаралық әуежайы соңғы заманауи стандарттарға жауап беретін қажетті техникамен жабдықталған. Коронавирустық инфекцияның алдын алу және таралуын болдырмау, көліктік бақылау бекеттерінде санитарлық-ағарту және түсіндіру жұмыстарын жүргізу шаралары бойынша белгіленген бақылау ережелері сақталған.

Бүгінгі күні вирустың таралу елдерінен ұшқан рейстер жеке тұраққа келеді. Барлық жолаушылар мен экипаж мүшелері тепловизорлармен екі кезеңді тексеруден, одан әрі бақылау және тексеру жүргізу үшін сауалнамадан өтеді.

Вирустық инфекцияға күдік анықталған жағдайда, осы адамдар әуежай жанындағы арнайы бөлінген жеке желдету жүйесі бар оңалту аймақтарына дереу оқшауланады. Одан әрі, инфекционист оң қорытынды шығарған жағдайда тікелей арнайы жабдықталған мекемелерге жіберіледі (әуежайдың жалпы ғимаратына кіруді болдырмайтын тасымалдаудың жеке жолы қарастырылған).

Сонымен қатар, Өңірлік штаб емханаға барып, вирустық инфекцияны жұқтырып алу күдігімен түскен пациентті қабылдауға дайын инфекциялық бокстар бойынша тексеріс жүргізді. Оқшауланған ғимарат қарастырылған, 120 орынға арналған инфекциялық бокстар жабдықталған. Дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің арнайы бригадасы үшін барлық қорғаныс құралдары қарастырылған, қажетті жағдайлар жасалған.

Сондай-ақ, вирустық ауруларға күдікті адамдардың анализін зерттеу бойынша арнайы зертханалар жұмыс істейтін зерттеу орталығы тексерілді. Ғимарат қажетті қорғау шараларымен жабдықталған, арнайы киім, жеке кіру жүйесі бар инфекциялық бокс бар.

Жалпы, бүгінгі күні мегаполисте жағдай бақылауда, коронавирустық инфекция жағдайы тіркелген жоқ. Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі барлық арнайы ведомстволар мен санитарлық қорғау қызметкерлері төтенше жағдай бойынша барлық деңгейдегі санитарлық-карантиндік бақылау ережелерін әзірлеп, сақтап келеді.

Билік тек ресми ақпаратқа сенуге, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде үрей тудыратын қауесетке назар аудармауға шақырады

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың шешімімен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың төрағалығымен коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі өңірлік штаб құрылды. Штаб ел Үкіметінің шешімдерін орындау үшін құрылған және Алматыда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарын іске асыруды жүзеге асырады. Штаб ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың, Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің жалпы үйлестіруімен жұмыс істейді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир