Ардагерге «Еңбегі үшін» төсбелгісі табыс етілді
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев соғыс ардагері Қайырлы Жонқабаевты жүз жылдық мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы әкім өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv
«Мемлекет басшысының атынан аты аңызға айналған Панфилов дивизиясында соғысқан Қайырлы Жонқабаевты жүз жылдық мерейтойымен құттықтадым. Ардагерге «Еңбегі үшін» төсбелгісі табыс етілді. Ақсақалға зор денсаулық пен амандық тілейміз!» – деп жазaды әкім.
Мемлекет басшысының атынан аты аңызға айналған Панфилов дивизиясында соғысқан Қайырлы Жонқобаевты жүз жылдық мерейтойымен құттықтадым. Ардагерге «Еңбегі үшін» төсбелгісі табыс етілді. Ақсақалға зор денсаулық пен амандық тілейміз! pic.twitter.com/JnghbB9OQN
— Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev_b) September 10, 2021