Мемлекет басшысы құқық қорғау тәртібін жетілдіруге қатысты заңға қол қойды

11.07.2022 22:07

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады

Ақорда

Мемлекет басшысы құқық қорғау тәртібін жетілдіруге қатысты заңға қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіру, құқық қорғау органдары, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің және әскери қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы мен жауаптылығын арттыру, ведомствоаралық үйлестіру, ішкі істер органдарының дербестігі, жекелеген қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылықты күшейту және қару айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.