Ұйымның мақсаты – әйелдер қауымына көмектесу
ARUANA Қазақстан әйелдерінің құрылтайы құрылды. Ұйымның мақсаты – әйелдер қауымына көмектесу, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, ел көлемінде әйелдердің, отбасы мен балалардың мәселелеріне талдау жүргізіп, билік пен өзге де ұйымдарға дәнекер ретінде жүйелі жұмыс істейтін ұйымдар жоқ. Сондықтан құрылтай түрлі қоғамдық қорларды да біріктіре отырып жұмыс істемек.
«Ана мен бала бірінші орында тұрады. Ана мен баланың мәселелерін шешу үшін осы құрылтай құрылып отыр. Біздің мақсатымыз – ақыл айту емес, бір орталық болып көмек көрсету және қиындықтан шығар жол көрсету, аналарға көмектесу», – деді қайырымдылық қоры төрайымының міндетін атқарушы Тоғжан ҚОЖАЛИЕВА.