Орталық мамандары 5000-нан астам әр түрлі олқылықтарды анықтаған
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК 2019 жылы атқарған жұмысының алғашқы қорытындыларын шығарды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осылайша орталық мамандары Қазақстан жолдарында өткен жылы 13 мыңға тарта тексеріс шарасын жүргізіп, 5 мыңнан астам әр алуан олқылықты анықтаған болатын.