Алматыға жаңа автобустар келді

23.01.2020 22:20

Бүгіннен бастап олар қала көшелеріне шығады

Көптеген өтініштер бойынша 120 және 120А маршруттарының паркі 100% жаңартылды. Енді жоспарлы 30 бірлік бағыт бойынша жүрсе, тағы алты бірлігі резервте болмақ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.    

Мемлекеттік тіркеуден және «Оңай» жабдығын орнатқаннан кейін автобустар жұмысқа дайын.

Барлық автобустардың сыйымдылығы жоғары, едендері төмен, қаладағы жолаушыларды тасымалдауға арнайы дайындалған. Автобустар қысылған (компримирленген) табиғи газбен (CNG) жұмыс істейді, кондиционер және бейнебақылаумен жабдықталған.

Сыйымдылығы — 104 адам, 22 отыратын орын және мүмкіндігі шектеулі жолаушыға арналған 3 орын бар.