Әскерден келген жастарға қандай жеңілдіктер қарастырылған

egemen.kz
egemen.kz
Олар ҚР Қорғаныс министрлігі оқу орындарына емтихансыз түсе алады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаева мерзімді әскери қызметін өткерген жастарға оқуға түсу үшін қандай жеңілдіктер қарастырылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«2022 жылдан бастап Қорғаныс министрлігі әскери қызметтің беделін арттыру, оның ішінде ҚР Қарулы күштерінің, басқа да әскери құралымдар қатарында мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген азаматтар үшін білім беру жеңілдіктерін алу жұмысына бастамашы болды. Бұл жобаға жастар оң пікірін айтып жатыр», - деді А. Төлембаева орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Осы орайда ол мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген азаматтарға берілетін жеңілдіктерге тоқталды.

Біріншіден, қызмет аяқталғаннан кейін ҰБТ-ны ескерместен екі жыл ішінде ақылы негізде ЖОО-ға оқуға түсу мүмкіндігі бар.

«Екіншіден, жауынгерлік даярлықта, жүктелген міндеттерді орындауда жоғары нәтижелерге қол жеткізген және үлгілі әскери тәртібімен ерекшеленген әскери қызметшілерге ҰБТ тапсырмай-ақ, ЖОО есебінен оқу құқығы беріледі. Бұдан өзге, оқу орнының әскери кафедрасында емтихансыз тегін оқуға болады. Атап айтқанда, мерзімді әскери қызметін өтеg шыққандар қатардағы жауынгер болады. Ал егер офицер шенін алғысы келсе, олар әскери кафедрада білім алып, лейтенант атанады», - деді министрдің кеңесшісі.

Бұл келісім әскери қызмет өткерген және орта мектепті бітіргені туралы аттестаты, техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар адамдарға қатысты.

Сонымен қатар, мерзімді әскери қызметтен өткендер ҚР Қорғаныс министрлігі оқу орындарына емтихансыз түсе алады.

Дерекөз: ҚазАқпарат.

Новости партнеров