Еркінбек Шоқай қаза тапқан жандардың туыстарына көңіл айтты

28.12.2019 22:09

Барша қазақстандықтарды сабырға шақырып, ауруханада жатқан азаматтар үшін дұғада болуын сұрады

Алматы қаласы Орталық мешіттің бас имамы Еркінбек Шоқай қайғылы оқиғада қаза тапқан жандардың туыстарына көңіл айтты. Сонымен қатар, барша қазақстандықтарды сабырға шақырып, ауруханада жатқан азаматтар үшін дұғада болуын сұрады. Жантүршігерлік оқиғада қаза тапқан азаматтардың жаназасы шығарылған соң, құран бағышталатындығын да айта кетті.

«Қазақ айтады ғой «қайғыңды бөліссең азаяды» дейді. Сондықтан сол қайғысы азайсын деп тілейміз. Алла туыстарына сабыр берсін. Егер де қандайда бір қиын жағдайда адам сабыр етсе, Алла тағала сауап береді, ол адамның мәртебесін көтереді. Сондықтан қаза болғандардың туған-туыстарына, балаларына сабыр тілейміз. Бүкіл ел болып бұл қаралы күнді сезініп отырмыз, дұғадамыз», - деді Алматы қаласы Орталық мешітінің бас имамы Еркінбек Шоқай.