Алматы әуежайында шетелдіктер жалған паспортпен ұсталды

09.04.2022 в 22:09

Жүктерін тексеру кезінде олардың шын паспорттары табылды

Шетелдіктер Қазақстан арқылы өту үшін 10 мың долларға жалған паспорт сатып алған, деп хабарлады Almaty.tv

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 сәуірде Алматы қаласының әуежайында паспорттық бақылаудан өту кезінде жалған құжаттар ұсынған Орталық Азия елдерінің 4 азаматы ұсталды.

Жүктерін тексеру кезінде олардың шын паспорттары табылды.

"Алдын ала дерек бойынша олар жалған құжаттарды Қазақстан Республикасы арқылы транзитпен өту үшін сатып алған. Бір жалған төлқұжаттың құны 10 мың АҚШ долларға бағаланған", - делінген хабарламада.

Жалған құжаттар тәркіленді. Оларды елден депортациялау мәселесі шешіліп жатыр.