1 наурыз - Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күніне орай Алғыс айту күні атап өтіледі, деп хабарлайды Almaty.tv
Үкімет қаулысымен Алғыс айту күні Қазақстан Республикасының мерекелік күнтізбесіне енгізілген.
Алғыс айту күнін мерекелеудің мақсаты — ортақ тарих пен тарихи жады негізінде қоғамның топтасуын, азаматтық бейбітшілікті, қоғамдық келісімді көрсету, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту болып табылады.
Ортақ тарих,қазақтар мен барлық этностардың бір-бірінеқолдауы арқасында бастан кешкен ортақ қиындықтарды еске алу негізінде Қазақстан халқының бірлігін сақтау және дамыту.
Бұл – қиын кезеңдерде адамдарға көрсеткен қамқорлығы үшін Қазақстан халқына құрмет пен алғыс.
Мейірімділік пен ашық жарқындылық рухани дәстүрлер күні, адамдар бір-бірімен бөлісуге және көмектесуге, игі істер жасауға дайын.
Бұл күні Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен түрлі іс-шаралар өткізіледі.
2021 жылдың 28 ақпанында Алматы қаласының Республикалық этномәдени бірлестіктерінің басшылары қазақ әдебиетінің танымал классигі, жазушы-академик, қоғам қайраткері Сәбит Мұқанов атындағы саябақта Қазақстан халқы Ассамблеясының аллеясын ұйымдастырып, ағаш отырғызды.
Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары А. М. Хамедов, В. Г. Нәбиев, республикалық этномәдени бірлестіктердің басшылары мен мүшелері, Т. Жүргенов ат. ҚазҰӨА оқытушылары мен студенттері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, Алматы қаласындағы «Жаңғыру жолы»жастар қозғалысының мүшелері, БАҚ, этностар қатысты.
Салтанатты іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. 30 ағаш көшеттері – емен мен каштан отырғызылуының үлкен мәні бар.
Аталған іс-шараның бастамашылары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты А. М. Хамедов және «әзірбайжандар қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелері, республикалық этномәдени бірлестіктердің басшылары болып табылады.
Ұйымдастырушылар: Алматы қаласы Достық үйінің қызметін қамтамасыз ету басқармасы, ҚР АҚДМ «Қоғамдық келісім» РММ және Т. Жүргеноватындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы.
Іс-шараны ашқан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты А. М. Хамедов: Алғыс айту күні-еліміздің Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен белгіленген. Біз үшін ерекше мереке, деп атап өтті. Ол қазақстандықтардың бірлігін, ынтымағы мен достығын паш етіп, бір-бірімізді бағалауға, сүюге және құрметтеуге үйретеді. Біз аға буын өкілдері ретінде жастарға ғасырлар бойы қалыптасқан құндылықтарды дарытуымыз керек.
Қазақстанның «Вайнах» шешендер және ингуштар қауымдастығының төрағасы А. С. Мурадов өз сөзінде, шешен халқы депортацияның ауыртпалығы туралы жақсы білетінін айтты. Көптеген адамдар республикаға жер аударылған жылдары мейірімділік, қонақжайлылық және жомарттықкөрсеткен қазақ халқына алғыс білдіре отырып, Алғыс күні бір-бірімізге түсіністік пен өзара құрмет үшін Алғыс айтуға мүмкіндігіміз бар,деп атап өтті.
Ахмед Сейдрахманұлы «Әзербайжандар қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы А. М. Хамедовқа бастамашылдығы, патриотизмі және белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғысын білдірді.
Т. Жүргенов ат. Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, Алматы қаласы ҚХА жанындағы ғылыми-сараптама тобының мүшесі М. Д. Шаймерденова мерекемен құттықтап, қазақстандықтардың Алғыс айту күніне ерекше ықыласпен қарайтынын айтты. Бұл мереке ұрпақтарды, дәстүрлерді, даналықты, рухани құндылықтарды біріктіреді. Жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік сезімін, оның тарихы мен мәдениетіне құрмет, қазіргі Қазақстанның жетістіктері үшін мақтаныш сезімін қалыптастырады. Өнер академиясы көптеген жылдар бойы республикалық этномәдени бірлестіктермен тығыз байланыста жұмыс істейді, ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері Қазақстан халқы Ассамблеясы іс-шараларының белсенді қатысушылары болып табылады, ал этномәдени бірлестіктердің басшылары мен мүшелері өнер академиясының іс-шараларына қатысады.
Салтанатты іс-шараға қатысушыларды жастар атынан «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшесі Б. Сыдықова құттықтады:
«Алғыс айту күні, бұл тек алғыс білдіріп қана қоймай, бірлік пен келісімді нығайтатын, жағымды эмоцияларды білдіруге мүмкіндік беретін айтулы мереке. Бүгін біз өте үлкен мерекені бесінші рет атап өтудеміз, ол жастардымейірімділікке, бір-біріне деген құрметке, барлық моральдық қасиеттерді бойына сіңіруге тәрбиелейді. Мерекенің бес жылдығы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келді. Қазақстан халқы Ассамблеясы жастарының атынан баршаңызды Алғыс айту күнімен құттықтаймын және үлкен рахмет айтамын».
Іс-шараның салтанатты ашылуынан кейін қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясының алаңында Сәбит Мұқанов атындағы саябақта емен және каштан ағаштарының көшеттерін отырғызды, көктем мерекесі, бірлік, Алғыс айту Қазақстан халқының достығын, сенімін, құрметін және өзара түсінушілігін одан әрі нығайтады деген ортақ пікір білдірді.
Көшеттер отырғызу акциясының бастамашылары — ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты А. М. Хамедов және «әзірбайжандар қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелері салтанатты іс-шараға қатысушылар үшін бай мерекелік дастархан-ыстық бауырсақтар, ыстық палау және самаурыннан ыстық шай ұйымдастырды.