Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мақсатында «Мен өмірді сүйемін» атты қайырымдылық концерті өтті. «Алатау» театры ұйымдастырған шара ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сахнада ән айтып, би билеген өнерпаздар өздерінің мүмкіндігіне қарамастан келген көрерменді баурап алды.
«Өте ризамын. Өзіммен қатарлас қыз-жігіттерге айтарым – өмірде сынбасын деймін. Сәттілік тілеймін. Күш-қуат тілеймін. Ешқашан ауырмасын», – деді Жанар Инағынбаева.
«Бұл кісілерге қарап өмірдің бағасын білуге болады. Биылғы пандемияда жақындарымыздың бағасын қалай біліп қалсақ, бұл кісілерді өнер көрсетіп тұрғанына қарап, қазір өз өнерін таба алмай, өз өнеріне ерініп, не болмаса тек қана атаққұмарлықпен ақша, мансап қуған жандардың барлығы да осындай концертте ойланады», – деді Алатау дәстүрлі өнер театрының директоры Ринат Зайытов.