Жәрмеңкеге 55 тонна ет, 5 тонна сүт, 130 тонна жеміс-көкөніс және 5 тонна балық өнімдері әкелінді
Шараға 50-ден астам тауар өндіруші тартылған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жәрмеңке өткен алаңға жиналған халықтың көп болуы өңірлік өнімнің сұранысқа ие екенін анық байқатты. 13 аудан мен 4 қаланың тауар өндірушілерінің кеңейтілген жәрмеңкесінде 55 тонна ет, 5 тонна сүт, 130 тонна жеміс-көкөніс және 5 тонна балық өнімдері әкелінді.
«Бұл жәрмеңкенің ерекшелігі бағалары төмен, біріншіден. Сосын көкөніс болсын, басқа да өнімдерді болсын өте арзан бағада алуға болады», – деді бір жәрмеңкеге келуші.
«Базарға қарағанда ет арзандау. Жалпы, бәрі арзан. дау. Және де бұл жерден таза отандық өнімдерді табуға болады», – деді келесі бір тұрғын.