Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі Лима Диас Facebook-тегі желісінде жариялады
Бүгін Қытайдан Қызылордаға гуманитарлық көмек келіп жетті. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі Лима Диас Facebook-тегі желісінде жариялады, деп хабарлайды Baq.kz.
«Қызылордада COVID-19 Қазақстан қоғамдық бақылауы өз жұмысын бастады. Бүгін Қытайдан келген гуманитарлық көмекті қарсы алдық. Тауарды қабылдау 2020 жылдың 14 шілдесінде сағат 12:15-те (Қызылорда уақыты бойынша) жүзеге асты. Жүк жөнелтуші құжат бойынша "СҚ-Фармация" келісімімен "Ақ Ниет" ЖШС қоймасы болды», – делінген жазбада.
Гуманитарлық тауардың тізімі:
1. Медициналық қорғаныш комбинезоны – 1600 дана;
2. Бір реттік хирургиялық қолғаптар - 8200 дана;
3. Байланыссыз инфрақызыл термометр – 50 дана;
4. № 95 медициналық маскасы – 5400 дана;
5. Хирургиялық маскалар – 28 960 дана;
6. Медициналық қорғаныш көзілдірігі – 3700 дана;
Ертең, 15 шілде гуманитарлық көмек медициналық ұйымдарға таратылып, бөлінеді.