Көпбалалы аналар бизнес бастауға грант ұтып ала алады

31.10.2019 22:11

Тегін тренингтерді «Бақытты отбасы» орталықтары ұйымдастырады

Алматыда көпбалалы аналардың өз ісін ашуына мемлекеттік грант табыстау қайта жалғасын тапты. Қатысушылар «Бизнес Бастау» бағдарламасы бойынша тегін оқудан өтсе болғаны, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Курсты сәтті аяқтай сала, үміткерлер өз бизнес жоспарларын қазылар алқасының қарауына жібере алады. Ең үздік деп танылған стартап жобаларды мемлекет қаржыландырады. Тегін тренингтерді «Бақытты отбасы» орталықтары ұйымдастырады. Қазірдің өзінде Бостандық ауданынан 200-ге тарта адам кәсіпкерлік курстарынан өткен.

«Бұл кісілер өз өнімдерін Қазақфильмдегі жәрмеңкеге сатуға шығарып, тегін шығып, өз өнімдерін сатады. Ақша төлеп тұрып жатқан жоқ. Демалыс күндері өз өнімдерін шығарады. Содан кейін орталықта да өтті жәрмеңке. Ол жаққа да шықты. Жан-жақты көмектесуге тырысып жатырмыз. Атакентте де орын бердік», - деді Алматы қаласы бостандық ауданы әкімінің орынбасары Маржан БАЛБАЕВА.