Бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады
Шығыс Қазақстан облысында карантин 1 шілдеге дейін ұзартылды, деп хабарлайды Almaty.tv Қазақстандағы коронавирус жағдайы туралы ресми ақпарат көзіне сілтеме жасап.
Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімі коронавирустық инфекцияның таралуы мен COVID-19 аурушаңдығының өсу деңгейінің өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.
Атап айтқанда:
- азық-түлік
емес тауарлар саудасы нысандарының жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін және
азық-түлік тауарлары сауда нысандарының жұмыс уақыты сағат 08.00-ден 20.00-ге
дейін қысқартылды;
- азық-түлік емес тауарлармен көтерме-бөлшек және (немесе) бөлшек сауда нысандарының,
ірі сауда объектілері мен кешендеріне, сауда-ойын-сауық орталықтарына, сауда
үйлеріне, алаңы 2000 шаршы метрден асатын көлемге тыйым салынды;
- азық-түлік емес және әмбебап базарлардың жұмыс уақыты сағат 09.00-ден
17.00-ге дейін қысқартылды;
- кинотеатрларға (кинозалдарға) және театрларға 50%-дан аспайтын отыратын
орын толтыру бойынша шектеу сақталды;
- монша, сауна жұмыс уақыты сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін қысқарды;
- қоғамдық тамақтану объектілері үшін жалпы жобалық сыйымдылықтың 50%-нан
аспайтын келушілерді толтыру және бір мезгілде болу бойынша, сондай-ақ ашық
алаңдарда шектеулер қысқартылды;
- күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, барлық меншік
нысанындағы спорт объектілерінің (фитнес клубтар, тренажер залдары, спорт
кешендері) жұмыс уақыты сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін қысқартылды;
- түнгі клубтарға( дискотекалар), барларға, кальяндарға, караоке орындарына тыйым
салынды;
- ХҚКО-ның жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін қысқартылды;
- діни бірлестіктер мен діни ғибадат объектілері қызметінің шектелуін сақтау
және сиымдылықтың 50%-нан аспайтын діни және басқа да рәсімдер залдардың
жұмысына тыйым салынады.
Бұқаралық (ұжымдық) іс-шаралар өткізуге тыйым салынады.