«Атамекен» ҚР ҰКП төралқа төрағасының міндетін атқарушы тағайындалады
Depositphotos
Жаңалықтармен бөлісіңіз
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа мүшелері «Атамекен» ҚР ҰКП кезектен тыс IX съезін өткізу уақытына төралқа төрағасының міндетін атқарушыны таңдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Палатаның ресми сайтына сілтеме жасап.
Ұлттық палата төралқасының мүшесі, Қазақстан кәсіпкерлері форумының төрағасы Райымбек Баталов Төралқаның міндетін атқарушы болады. Төралқа төрағасы «Атамекен» ҚР ҰКП съезінде сайланатын болады. «Атамекен» ҚР ҰКП IX кезектен тыс съезі 2022 жылғы 18 ақпанда өтеді.
Күн тәртібінде 4 мәселе қаралады:
- Ұлттық палатаның басқару органдары туралы;
- Ұлттық палатаның қызметін реформалау туралы;
- Кәсіпкерлікті дамытудың өзекті мәселелері туралы;
- Басқа мәселелер.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
18 қыркүйекке арналған валюта бағамы
18.09.2026 09:00
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
19.09.2026 08:06
Күзгі шай: денсаулық пен көңіл-күйді көтеру жолы
19.09.2026 14:40
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.09.2026 20:15