Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі бала тілінің кеш шығу себептерін айту үшін баспасөз мәслихатына тәжірибелі балалар психологтарын, логопедтерді, дефектологтарды шақырды. Қандай жағдайда маманға жүгіну керектігін және түзетудің жаңа әдістерін Әсел Сағадатова мен Злата Салкина айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ӨКҚ-ға сілтеме жасап.
Екі маман да сөйлеуі дамымай, тілі шықпай жатқан балалармен жұмыс істейді. Басқаша айтқанда, бұл - үш жасқа дейінгі балалардың ауызша сөйлеу дағдыларын кешірек меңгеруі. Осы жастан кейін мамандар басқа диагноздарды қояды.
Әдетте, бала тілінің кеш шығуы психологиялық процестердің кешігуіне немесе психовербалды дамудың кешігуіне әкеледі. Бұл баланың психикалық дамуының қалыпты қарқынының бұзылуы. Патология сөйлеу, ойлау, есте сақтау, зейін, эмоциялар, қалыпты мінез-құлық дағдылары, қозғалыс функцияларының бұзылуының кешенін қамтиды. Балаларда еш себепсіз көңіл-күйлері жиі өзгереді.
Сөйлеуді дамыту траекториялары әр бала үшін жеке болып табылады, осыған байланысты психологтар мен ерте жастан дамыту саласындағы басқа мамандар балалардың сөйлеуін дамытудың нақты стандарттарын белгілемейді. Айта кету керек, бала сөйлеген кезде оның қолданатын дыбыстары мен сөздерінің саны ғана оның сөйлеуінің көрсеткіші емес, сонымен қатар оның пассив сөздік қоры, яғни бала түсінетін сөздер де оның тілінің қаншалықты дамығанын көрсетеді. Бұл туралы балалар психолог-дефектологы Әсел Сағадатова айтты.
Сонымен қатар, 3-6 айлық жасында бала гуілдеп, ұзағырақ дыбыс шығаруы керек («а-гу», «а-гы», «бу-у», т.б.) керек. 4-5 айлық кезінде әр түрлі интонацияда айғайлап-күліп, былдырауды қосады. пайда болады. Жарты жасқа келгенде сәби әдетте «ма», «ба» буындарын айта бастайды. 7-8 айда балаларда айтылатын дыбыстарға еліктеу басталады («гав- гав», «пи-пи»), қарапайым сөздерді түсінетін деңгейге жетеді.
Әсел Сағадатованың айтуынша, балалар 9-11 айлық кездерінде «ана», «әже», «ата», «бер», «қой» деген қарапайым сөздерді айта алады, ал 1-1,5 жасында «су ішем», «мынау мысық» деген сынды екі сөзден тұратын қарапайым тіркестерді айта алады.
2-3 жаста балалар сөзді түсіне бастайды және сөздік қорлары біртіндеп артады, 2-3 сөзден тұратын сөз тіркестерін құра алады, сұраулы сөздер пайда болады, белгілі гүлдерді, заттарды, дене мүшелерін атайды. Қарапайым тақпақтар жаттап, шағын әңгімелер айта бастайды.
Ал 3-4 жасында балалар 4 және одан да көп сөзден тұратын сөйлемдерді құра алатындай жағдайға жетеді, бұл жастағы балалардың сөзін басқа адамдар түсіне алады.
Сөйлеудің кешеуілдеуінің көптеген себептері бар. Бұл орталық жүйке жүйесінің перинаталды зақымдануы болуы мүмкін. Әдетте, балалар дүниеге келген кезде гипоксия, шала туылу, туу жарақаты немесе құрсақта болған кезде инфекциялар себебінен болуы мүмкін. Сондай-ақ, есту қабілетінің бұзылуынан да болуы мүмкін.
Әсел Сағадатова өз тәжірибесінде баласы 5 жасқа келгенше оның есту қабілеті нашар екенін білмеген ананың кездескені жайлы айтты. Ол анасын артикуляция арқылы, еріндеріне қарап түсінген. Сондықтан есту қабілеті бұзылған жағдайда тексеруден өту өте маңызды.
Сондай-ақ, сөйлеу дамуының кешігуіне ерте жастағы жұқпалы аурулар себебінен болуы мүмкін: энцефалит, менингит, баланың иммунитетін әлсіреткен ұзақ мерзімді аурулар. Тұқым қуалайтын фактор да бар. Егер ата-ананың біреуі кеш сөйлесе бастаса, онда балада осындай проблема болуы мүмкін.
«Баланың сөйлеу тілі дамуының артта қалуының себебі отбасында қарым-қатынас мәдениеті қалыптаспаған жағдайда әлеуметтік факт болуы мүмкін. Мысалы, үйде олар не жейтінін үнсіз көрсетеді немесе баланы үнсіз дәретке отырғызадыды. Сондай-ақ, педагогикалық немқұрайлылық, немесе бала жиі ұрыс-керістерді байқаса немесе ата-анасы оған айқайласа, онда ол стресске ұшырайды, бұл сөйлеудің дамуын тежеуі мүмкін», - деді Ә.Сағадатова.
Балаға шамадан тыс қамқорлық көрсету де бала тілінің кеш шығуына әкелуі мүмкін.
Логопед, дефектолог, психолог Злата Салкина соңғы кездері ата-аналардың түзету орталықтары мен кеңселерінен жиі көмек сұрап келе бастағанын айтты.
«Бала сөйлеуінің кешеуілдеуін диагнозын бала айғайламаса және үнсіз жүргенінен байөауға болады. Егер ешқандай дыбыс шығармаса, уілдемесе, оған назар аудару керек. Көбінесе ата-аналар бізге 3 жылдан кейін жүгінеді», – дейді З.Салкина.
Журналистердің сұрақтарына жауап берген мамандар ұлдардың қыздарға қарағанда кеш сөйлейтінін растады. Бірақ бұған ғылыми дәлелдер болмаса да.
Қорытындылай келе, З.Салкина балалардың сөйлеуін дамытуда әдіс-тәсілдер кешенін қолданатынын айтты. Біріншіден, бұл тәртіп, үздіксіз оқу. Екіншіден, есте сақтау, ойлау, зейінді дамыту, үшіншіден, балаларды спортқа бағыттайды. Әдістер баланың диагнозына байланысты жеке құрастырылады. Кез келген маман бір апта ішінде «теріс сөйлеу» баламен сөйлесе алады, ал егер бұл медициналық бұзылуларға қатысты болса, логопедтер невропатологтармен жұмыс істейді. Ал бұл жұмыс тіпті жылдарға созылуы мүмкін.