Ақтауда банк ғимаратында инкассатор өзін атып өлтірді

02.07.2024 22:13

Жазбада ол 10 млн теңге ұрлап, артынша өзіне қол жұмсаған делініпті

Almaty.tv

Ақтаудағы банктердің бірінде инкассатор өз-өзіне оқ атып, қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиға туралы ақпарат өткен түні әлеуметтік желіде тарап, қызу талқыға түскен еді. Жазбада ол 10 млн теңге ұрлап, артынша өзіне қол жұмсаған делініпті. Әзірге істің мән-жайы туралы ресми ақпарат жоқ. Жергілікті полиция қызметі оқиғаның банктің бас ғимаратындағы жертөледе болғанын ғана растады.

«Ұрлық және өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бойынша, Ақтау қаласы полиция басқармасымен қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», – Маңғыстау облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Назым Қайырхан.

Оқи отырыңыз: Мәжіліс депутаттары Алматыдағы медициналық мекемелерді аралады