Қоғамдық кеңес төрағасы Президенттің қиын-қыстау кезде қабылдаған шешімін қолдайтынын айтты
Бұрын-соңды тарихымызда болмаған оқиға болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Алматыдағы жаппай тәртіпсіздікке қатысты осылай деген қоғамдық кеңес төрағасы Рахман Алшанов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қиын-қыстау кезде қабылдаған шешімін қолдайтынын айтты. Сондай-ақ осыдан қорытынды шығарып, шиеленіскен мәселелерді болашақта оңтайлы жолмен шешу керек екенін сөз етті.
«Шығындар болды. Біраз адам өмірден кетті. Өкінішке қарай, солай болды. Дегенмен де, Үкіметіміз тұрақты, экономикасы істеп тұр. Бәрі өз орнында. Бірақ біз осы оқиғадан болашақта қорытынды жасауымыз керек. Шешімдерін жан-жақты ойлау керек», – деді Алматы қаласы қоғамдық кеңес төрағасы Рахман Алшанов.