Кәсіпкерлерге Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді

Кәсіпкерлерге Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін бүгінде қалыптасқан бағыт бойынша тұрақтылықты қамтамасыз етпек. Кандидаттың сенімді өкілдері алматылық кәсіпкерлерге Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасындағы бизнесті қолдауға қатысты тұсын түсіндіріп берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Үш кезеңнен тұратын бағдарламадағы бірінші блок - сабақтастық. Менің ойымша, бұл инвесторлар мен кәсіпкерлер үшін маңызды. Яғни жолға қойылған бағытты ары қарай алып жүру керек. Ең үлкен, әрі негізгі бөлім – әділдік. Сот органдарына қоғамдық бақылау күшейтіледі. Тағы бір бөлім бизнеске арналған. Бірінші кезекте отандық кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау міндеті тұр», – дейді ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қалалық қоғамдық штабы жетекшісінің орынбасары Станислав КАНКУРОВ.

«Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы біз секілді кәсіпкерлер үшін өте керек дүние. Әсіресе бизнеске деген қолдауы. Ісін енді бастаған стартаперлерге үшжылдық салықтық жеңілдік беру – қазіргі таңда өте қажет әрі жақсы бастама. Кәсіпкерлер палатасы да оны қолдап отыр. Алдағы уақытта олар 100 мың адамды кәсіптің қыр-сырына үйретпекші», – дейді кәсіпкер Қайрат ҚҰДАЙБЕРГЕН.

Новости партнеров