Хусамуддин әс-Сығнақи мұрасы: Алматыда ғылыми іс-тәжірибелік конференция өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
Астанада Хусамуддин әс-Сығнақи атындағы ғылыми-институт жұмыс істейді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Ислам өркениеті кеңістігіндегі Хусамуддин әс-Сығнақи мұрасы». Алматыда осындай атаумен ғылыми іс-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шара қазақ даласынан шыққан көрнекті ғұлама ғалым Хусамуддин әс-Сығнақидың туғанына 800 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде өткен жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен ғалымдар, лауазымды тұлғалар келіп қатысты. Олар көрнекті ғалымның еңбегі мен қолжазбалары туралы баяндама оқып, көпшілікке таныстырды.

– Хусамуддин әс-Сығнақи – Орта Азияға белгілі ғалым, ұлы ойшыл. Ол – ислам ғылымын меңгерген ұстаз. Ғылыми мәжілістердің өткізілуі маңызды, себебі мемлекеттің өркениет және мәдениет жағынан кенже қалмай, дамуына септеседі, – деді Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры Мухаммад Әш-Шаххат Әл-Жинди    

Айта кетейік, Астанада Хусамуддин әс-Сығнақи атындағы ғылыми-институт жұмыс істейді. Оқу орнында имамдар мен теологтардың білімін жетілдіруіне мүмкіндік бар. Мақсат – мамандардың шет елге шықпай-ақ, өз елімізде жүріп оқуына жағдай жасау.

– Бұл – қазіргі таңда әлемге белгілі жағдай. Әрбір елде болып жатқан ислам дінін жамылған түрлі теріс ағым бар. Соның алдын алу үшін діни білім қажет, арнайы мамандар керек. Халықаралық деңгейдегі ғалымдардың келуі, ұлы тұлғалардың танылуы теріс ағымға түскендерді оңалту жұмыстарына қажет болады деп есептейміз, – деді ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Новости партнеров