«Қорғас» кеден бекетінен 50 мың доллар алып өтпек болған екі әйел ұсталды

17.06.2019 22:13

Жолаушылар терминалында 246 ұялы телефонның да заңсыз тасымалы әшкереленді

Кадры из оперативного видео

Екі келіншектің бірі – 30 мың, екіншісі 20 мың доллар қаржыны елден шығармақ болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Кеден бекетінен өтетін кезде екеуі де аталған қаражат туралы ауызша да, жазбаша да ескертпеген. Қазіргі таңда айыптылар әкімшілік жауапқа тартылды.

Сондай-ақ «Алтынкөл» кеден бекетінің «Қорғас» өткізу пунктінің жолаушылар терминалында 246 ұялы телефонның да заңсыз тасымалы әшкереленді. Жүктің жалпы салмағы 19 келі болған. Ал кедендік құны 3 миллион теңгеден асқан. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша мемлекетке тиісті кедендік төлемдерді өндіру және күдіктіні әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр.