Сый-құрметке бөленген әжей жастарға алғысын жаудырып, ақ тілегін жолдады
Алматыдағы жастар ресурстық орталығының еріктілері егде жастағы адамдарға қол ұшын созу акциясын жалғастыруда, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Қарттарды қолдау" айлығы аясында ұл-қыздар зейнеткерлердің ауласын тазалады. Сондай-ақ, ақ самайлы анаға сыйлықтар да табысталды. Сый-құрметке бөленген әжей жастарға алғысын жаудырып, ақ тілегін жолдады.
«Маған көмектесуге келген еріктілерге алғысым шексіз. Біраз жыл болды жалғыз тұрамын. Олар менің ауламды тазартып берді. Жастарымыз қандай керемет, болашағы жарқын болсын», – деді зейнеткер Татьяна Драничева.