Бекзат Саттарханов туралы фильм жарық көрді

03.10.2019 в 22:14

Туындының түсірілімі Алматы, Түркістан және Стамбұл қалаларында жүргізілген

Бүгіннен бастап Сидней Олимпиадасының чемпионы, құйрықты жұлдыздай жарқ еткен Бекзат Саттарханов туралы көркем фильм еліміздің кинотеатрларында көрсетіле бастады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Кино авторларының айтуынша, фильмде ерте сөнген жұлдыздың санаулы ғұмырындағы жігерлі жетістіктерін, қайтпас қайсарлығын, ұлтжандылығы мен намысқойлығын көруге болады. Осы арқылы, бүгінгі ұрпақты рухтандыру, салауатты өмір салтын насихаттауға септеседі дейді. Туындының түсірілімі Алматы, Түркістан және Стамбұл қалаларында жүргізілген. Көркем фильм Бекзаттың ізін қуған жастарға жігер беруі тиіс, - дейді идея авторлары.  

Ұлын ұлықтайтын фильмнің сюжеттік желісінде  Бекзат Саттархановтың балалық шағы, бозбала кезеңі және өмірінің соңғы сәті қамтылған. Түркістан қаласындағы темір жолды бойлай орналасқан шағын ауылдың қарапайым тіршілігі бала Бекзаттың көзімен бейнеленеді. Боксқа келген алғашқы сәттері, аянбай тер төккен жаттығулары, жарыстардағы жеңісі, Олимпиада шыңын бағындырған сәттері көруге болады. Толық метрлі туынды бүгіннен бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіле бастады.  Сая, мендегі бар ақпар осы, тізгін өзіңде.