Алматыда алғашқы рет нан күні тойланды. Қаланың үздік деген наубайшылары аспаздық байқаудан бақтарын сынап көрді. Оған қоса, «Ақсай нан» зауытының қонақтары эксклюзивті тәттілерден дәм татты. Мерекелік шара барысында, нанның қазіргі бағасы жайында да сөз қозғалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Кәсіби мерекеге орай Алматы қаласының наубайшылары мерекелік шара өткізді. Сонымен қатар, келушілерге сапалы өнімдер ұсынылып, жәрмеңке ұйымдастырылды.
Соңғы бес жылдық көрсеткішті алғанда Қазақстанда 19 млн тонна астық жиналады. Оның 8 млн тоннасы бидайға тиесілі. Қазір нан бағасы әр аймақта әр түрлі. Шамамен 75-78 теңгенің аралығында. Осыдан біраз бұрын, ҚР Ауыл шаруашылық министрі Сапархан Омаров 80-82 теңгеге дейін қымбаттайтынын мәлімдеген еді.
«Нан бағасының өсуіне мен қарсымын. Себебі, көпбалалылар не істейді?», – деді бір тұрғын.
«Жалпы 5-10 тенге қымбаттағанан ештеңе өзгермейді, есесіне диханшының, пісірушілердің еңбегі ақталар еді», – деді келесі бірі. 00:25:45
«Нанды қымбаттату дұрыс емес, екі немерем бар. Бар тапқанымыз солардан артылмайды», – деді зейнеткер.
Республикада астық пен ұн қоры бойынша жағдай тұрақты. Ресми статистикаға сәйкес, «әлеуметтік нан» деп аталатын бірінші сұрыптағы бидай ұнынан жасалған нанның ел аумағындағы орташа бағасы бір бөлке үшін 76,5 теңгені құрайды
«Әлеуметтік нанның бағасы қымбаттамайды. Биыл елімізде 19 млн тонна астық жиналған, оның 14 млн бидай болса, біздің қажеттілігіміз 6 млн тонна яғни, толықтай жетіп артылады. Толықтай қамтамасыз ете алады», – деді ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің жауапты хатшысы Марат ОРАЗАЕВ.