Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы жыл басынан бері 4,2 пайызға өскен. Бұл туралы онлайн-брифингте Сауда және интеграция министрлігінің Ішкі сауда департаменті директорының орынбасары Ерлан Ешназаров айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның сөзінше, министрлік бағаларды реттеу үшін арнайы тұрақтандыру қорларын іске қосқан. Қазір елдегі 25 мың тонна азық-түлік қорларда қалыптасқан.
«Министрлік әлеуметтік маңызы бар 19 тауардың бағасына мониторинг жүргізеді. Жыл басынан бері бағалар 4,2 пайызға өсті. Бұл 1 қазандағы дерек. Төтенше жағдай кезінде баға көтерілді. Бұл көкөністер мен жемістердің бағасы көтерілген маусымға сәйкес келіп қалды. Наурыздың ортасынан сәуірдің соңына дейін бір жарым айда бағалар шамамен екі пайызға өсті. Яғни, жалпы өсімнің шамамен 90 пайызы елдегі ТЖ кезінде болды. Бірақ мамырдан бастап азық-түлік бағалары тұрақтана бастады», – деді ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ішкі сауда департаменті директорының орынбасары Ерлан Ешназаров.