Kaspi bank ғимаратында кепілге алынған адамдар босатылды - ІІМ

18.06.2023 22:15

Кепілге алынғандар да, басқыншы да зардап шеккен жоқ

Tengrinews.kz

 Kaspi bank ғимаратында  күштік  операция сәтті жүргізілді. Барлық кепілге алынғандар босатылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Кепілге алынғандар полиция штурмынан кейін босатылды. Барлық қызметкер шығарылды.

Кепілге алушы залалсыздандырылды!

Барлығын дәрігерлер тексерді. Кепілге алынғандар да,  басқыншы да  зардап шеккен жоқ.

«Басқыншымен келіссөзді ішкі істер  министрі  М. Ахметжанов жүргізді. Ол сондай-ақ күштік операцияны басқарды», - делінген хабарламада