Науқан Атамекен ауылындағы Кіші Оймашы көлінің маңында өтті
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Сәтті сәрсенбі» іс-шарасы ұйымдастырылд, деп хабарлайды Almaty.tv.
Науқан Атамекен ауылындағы Кіші Оймашы көлінің маңында өтті. Тазалық жұмысына аудан әкімдігінің құрылымдық бөлімдері мен ауданға қарасты мемлекеттік мекеме қызметкерлері, Атамекен ауылдық округі әкімдігінің өкілдері қатысып, аудан тазалығына бей-жай қарамайтынын көрсетті. Бас аяғы 50-ге жуық адам белсенділік танытып, көл маңынан 8 тоннадан астам қоқыс шығарылды.
– Оймашы көлінің аумағы ашық алаң болғандықтан, көбіне Ақтау қаласына іргелес жатқан елдімекендерден құрылыс қалдықтарын төгіп кетеді. Сондықтан сырттан төгілетін қалдықтарға тосқауыл қою мақсатында жобаны қлға алдық, – деді Атамекен ауылының әкімі Ерлан Қайнаров.
Оқи отырыңыз: Астанада рұқсат етілмеген 400-ден астам қоқыс орны анықталды