Франция мен Қазақстан арасындағы іскерлік байланыс аясы кеңейіп келеді

14.09.2021 в 22:16

Осыдан тура 5 жыл бұрын тараптар Алматыда бас қосып екі елдің бірлескен сауда-өндірістік палатасын құру туралы келісімге қол қойған болатын

Франция мен Қазақстан арасындағы іскерлік байланыс аясы кеңейіп келеді, деп хабарлайды Almaty.tv

Осыдан тура 5 жыл бұрын тараптар Алматыда бас қосып екі елдің бірлескен сауда-өндірістік палатасын құру туралы келісімге қол қойған болатын. Нәтижеде 2018 жылы еліміз Францияның халықаралық сауда-өндірістік палатасына мүше болып, бүгінде екі елдің, сондай-ақ әлемнің басқа да 60 компаниясы осы келісім аясында ынтымақтастық құрып отыр. 

«Біз Қазақстанды Орталық Азия мемелекеттерінің ішінде бірінші саяси және экономикалық серіктесіміз деп санаймыз. Жақында біздің сыртқы сауда министрі Қазақстанға келіп, 10 жылдық екіжақты экономикалық қарым-қатынасымызды нығайтатын келісім шартқа қол қойды. Бұл келісім екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынасты жаңа деңгейге шығарады деген сенімдеміз», – деді Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Дидье Канесс.

Теги: Франция