Мобильді байланыс компаниясының қызметкері биіктіктен құлап кетті

13.07.2024 22:17

Зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді

Ақмола облыстық ТЖД

Ақмола облысында мобильді байланыс компаниясының қызметкері биіктігі 32 метр мұнараның төбесінен құлап кеткен. Аяғын сындырып алған қызметкер ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  Ер адам үш метр төмен орналасқан құрылыс алаңына құлап, аяғын сындырып алды. Зардап шеккен адамды Ақмола облысы ТЖД құтқарушылары автокранның көмегімен жерге түсіріп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды, – деді ведомствода.

Оқи отырыңыз:Жетісу облысында 4 жасар бала құтқарылды