Алматыда ерекше қажеттілігі бар балаларға сыйлық таратылды

Almaty.tv
Almaty.tv
Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралардың әлі де жалғасатынын айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шаралар легі жалғасуда. Соның бірі қалалық әкімдіктің қолдауымен мүмкіндігі шектеулі балғындарға мерекелік көңіл күй сыйлауға бағытталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ерекше қажеттілігі бар жандарға концерттік бағдарлама қойылып, сыйлықтар тарту етілді. Көңілді аниматорлар қатысқан шоу кештің көркін қыздырды. Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралардың әлі де жалғасатынын айтты.

– Іс-шараны екінші рет өткізіп отырмыз. Түрлі диагноздағы мүгедектігі бар балаларды жинап, ата-аналарын бірге шақырып, мерекелік көңіл күй сыйлап жатырмыз. Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен және басқарманың ұйымдастыруымен өткізіліп жатыр, – деді Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов.

Оқи отырыңыз: Балалар демалысы 2024: оқушылар жазда қайда барады

Новости партнеров