|
21.03.2023 | 19:44
4951

Астана қаласында Наурыз мейрамын қалай атап өтті

«Қазақ елі» монументінің маңында 12 қара үй тігілген, 8 алтыбақан орнатылған

Астана қаласында Наурыз мейрамын қалай атап өтті Almaty.tv.

Ақтың молайып, жарықтың ұзаратын, тіршіліктің жаңарып, көңілдің кеңитін ұлы мейрамын астаналықтар әр аудан-алаңда атап өтіп жатыр, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі

Астана тұрғындары мен қонақтарына батыстан соққан жел Әз-Наурызды тойлауға кедергі бола алмады. Алаңда әншілер ән шырқады. Палуандар боз кілемде күресіп жатты. Одан бері қарай жүрсеңіз, арқан тартысқан адамдарды байқауға болады. Асық атып, сайысып жатқандар да бар. Білегіне сенгендер, гір көтерді. Қысқасы қазақтың ұлттық ойындары дәріптеліп, салт дәстүрлері көрсетілді. «Қазақ елі» монументінің маңында 12  қара үй тігілген, 8 алтыбақан орнатылған. Келушілер қазақстандықтарды мерекемен құттықтап, бұл мейрамның маңызын айтумен болды.  

«Ақ мол болсын. Балаларымыз бақытты болсын. Халқым аманшылық тілеймін. Әз-Наурыз құтты болсын!» – деді Қызылорда тұрғыны Шырын Қаныбекова.

Астана қаласының әкімдігі орналасқан жерде де мереке жоғары деңгейде тойланды. Сахнада өнерпаздар ән шырқады. Айтыскер ақын Айшолпан Төлеутай да халыққа арнау айтты. Ағайынның амандығын тіледі.

«Ұлыстың ұлы күні – Наурыз құтты болсын. Еліміз аман, халқымыз тыныш болсын!» – деді өнер-білім орталығының тәлімгері  Ермұхамет Есілұлы.

Астанада Наурыз мейрамы 15 наурыздан басталып кетті. Қалада 100-ден астам іс-шара ұйымдастырылады. Мейрамды тойлау 23 наурызға дейін жалғасады.  

Өмір Серікбекұлы, Данияр Омар, Ринат Өтеев, «Алматы» телеарнасы, Астана

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир