«Біреумен танысып, көңілдес болған»: Әлеуметтік көмек алған көпбалалы ана бала-шағасын тастап кетті

03.02.2020 22:19

Анасының телефонда біреумен сөйлесіп жүргенін баласы байқапты

stan.kz

Алматы облысында атаулы әлеуметтік көмек алған 5 баланың анасы үйінен кетіп қалған. Ал ішер ас, киер киімге жарымаған оның перзенттері «анамыздан жәрдемақының ақшасын алып беріңіздер» деп көмек сұрады, деп хабарлайды Stan.kz  «Дау-дамайсыз» бағдарламасына сілтеме жасап. 

Талғар қаласының іргесіндегі саяжайда мекендейтін Тәлім мырза 17 жыл отасқан әйелін іздейді. Ол әлеуметтік көмекке берілген ақшаны алып қашып кетіпті. Ерлі-зайыптының бес-ұл қызы бар. Тұңғышы 16 жаста. Кенжесі Айсезім бес жасар. Тәлім мырза айына автотұрақты күзетіп айына 40 мың теңге жәрдемақы алады екен.

«Көктемде 21 мың шықты. Содан ба бұзылып кетіп қалды. Ағасы мен жеңгесі келді. Оларға «алдында он бес күн жоғалып кетті, тағы екі-үш күн жоғалып кетті» деп айттым. Қаңғып кете береді. Ішкені арақ. Жаздай ішіп келе жатыр. Көктемнен басталды. Әлеуметтік көмек алатын жерде біреумен танысып, көңілдес болған. Артынан кеткен ғой», – деді күйеуі.

Әйелі атаулы әлеуметтік көмектің ақшасын күйеуіне бірде-бір рет ұстатпаған. Тек бала-шағаны ортаға салып жатып 100 мың теңгесін алып қалыпты. 

«Анамыздың біреумен сөйлесіп жүргенін телефонынан көргенбіз. Бірақ біз ол туралы әкемізге айтпадық. Себебі біз екеуі ұрсысып жаман жағдайлар болатын шығар деп ойладық. Шешемізден өзімізге әлеуметтік көмекті аудартып алғымыз келеді. Ол кісіден бес баласынан бас тартуы туралы қолхат жаздыртқым келеді. Кейбір достарымнан «сенің шешең ішіп алып бір әйелмен төбелесіп жүр» деген сөздер естіген болатынмын. Сол кезде жаман намыстанамын», – дейді он төрт жастағы ұлы. 

Ал 38 жастағы көпбалалы ана өзінің балаларынан бас тартпайтынын айтты. Сондай-ақ, үйіне күйеуі кетсе ғана келетінін жеткізді.

«Мен ажырасқаннан кейін оған есеп бермеймін. Өз құқығым өз қолымда. Мен анда-санда арақ ішемін. Бірақ менің байым таза алқаш. Күн-түн демей ішеді. Шындығы сол. Мен бала-шағамнан бас тартпаймын. Үйімнен кетіп, босатсын. Ол үйді мен алғанмын. Балаларымның көңілін суытып отырған алқаш әкесі», – деді келіншек.