Мемлекет басшысы Қарулы Күштердің басшылығымен кеңес өткізді

02.03.2022 22:19

Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының басшылығына әскери қауіпсіздіктің қазіргі жағдайын ескере отырып, Қарулы Күштердің құрылымы мен құрамын жаңғырту жөнінде тапсырма берді

Акорда

Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қорғаныс министрлігінде армияны одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының басшылығына әскери қауіпсіздіктің қазіргі жағдайын ескере отырып, Қарулы Күштердің құрылымы мен құрамын жаңғырту жөнінде тапсырма берді. Сонымен қатар заманауи цифрлық тәсілдер арқылы әскери басқару жүйесін жетілдіру қажет екеніне назар аударды.