Алматы облысында жоғалып кеткен 13 жастағы қыз табылды, деп хабарлдайды ҚазАқпарат.
Алматы полициясының айтуынша, Алматы облысының жас тұрғыны Арбатта жүрген.
«13 жасар қыздың айтуынша, ол үйінен өз еркімен кеткен. Анасымен бірге тұрғысы келмейді. Бұрын да үйден кетіп қалатын, бірақ біраз уақыттан соң қайтып оралатын. Ювеналды полиция инспекторлары жоғалған қыздың анасымен байланысқа шықты. Анасы инспекторларға екінші күйеуі және кішкентай қызымен тұратынын жеткізді. Жоғалып кеткен қызына өгей әкесімен бір үйде тұрған ұнамайды. Үйден қашып кетуінің себебі осы болуы мүмкін», - дейді Алматы қалалық ювеналды полиция басқармасының бастығы Лейла Алипбаева.
Профилактикалық әңгіме жүргізіліп, қыз анасының қолына тапсырылды.