Алматының Медеу ауданында фотокөрме ұйымдастырылды

02.09.2024 22:20

Қонақтарға деректі фильм көрсетілді

Almaty.tv

Алматының Медеу ауданындағы комьюнити-орталығында Конституция күніне орай фотокөрме мен викторина ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оған «Ассоциация жастарының» белсенділері мен қала тұрғындары қатысты. Қонақтарға деректі фильм көрсетіліп, қатысушылар іс-шара соңында рәміздер мен Конституцияға қатысты сұрақтарға жауап берді.

– Мақсат – жастардың құқықтық сауатын арттыру. Көбіне азаматтар заң бойынша қандай мүмкіндіктер қарастырылғанын білмейді. Сондықтан мұндай іс-шаралардың маңызы зор дер едім, – деді Медеу ауданы комьюнити-орталығының басшысы Рустам Қайрыев.

Бұл іс-шара Медеу ауданында ұйымдастырылған онкүндіктің қорытындысы болды. Оның аясында челлендж, сауалнама және мерекелік концерт өткізілді. Көрмені 100-ге жуық қатысушысы бар орталыққа қарасты қазақ тілі клубының мүшелері тамашалады.

– Конституция күніне орай көрме өткіздік. Тарихы фильмдер көрсетілді, – деді қазақ тілі клубының оқытушысы Анастасия Ульченко.

Оқи отырыңыз: Бірлік керуені: Қызылорда облысынан арнайы делегация арқа төсіне аттанды