Құзыретті органдар Желіде медициналық бетперделерді көтерме бағамен сатып жатқандарды тексереді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Ақпанда бөлшек саудада 9 миллионға жуық бетперде болды. Халық дүрліккен соң маска тапшылығы байқалды. Сұраныс та артты, сондықтан дәріханалар жаппай бетперде сатып алып жатты. Нәтижесінде хабарламалар сайтында дәріханалардан 20 теңгеге сатып алынған бетперделер, 100 теңгеден сатылды», - дейді Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының директоры Арнұр Нұртаев.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта бұл мәліметтер тексеріліп жатыр.
Еске салайық, осыған дейін еліміздегі хабарламалар сайтында медициналық бетперделердің жаппай сатылғаны байқалған еді.