«Артиллериялық атыс шеберлері» байқауы 3 кезеңнен тұрады
Бүгін Жамбыл облысына қарасты әскери гарнизонда артиллериялық атыс шеберлерінің қатысуымен «АрМИ-2022» халықаралық әскери жаттығуының қорытынды кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Байқауда Ресей, Әзірбайжан, Армения, Зимбабев, Қырғызстан, Тәжікстан және еліміздің командалары бақ сынайды. Осымен алтыншы рет өткізіліп отырған тартысты дода 2016 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Әскери полигондағы пулеметшілер мен артилериялық атыс шеберлері алаңда ақтық мәре үшін айқасып жатыр. Асығы алшысынан түскен әскери команда жеңіске жетпек
«Жылда өткізетін сайыс мәреге жетіп қалды. Екі кезеңде біздің құрама 1-2 орынға ие болды. Биыл да жеңіске жетеміз деп сенеміз. Өйткен жарысқа жоғары деңгейде дайындалды», – деді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары - ракета әскерлері мен артиллерия бастығы Тілек Серікбаев.
Қолына қару алып қамданғандарды қолдауға келген жанкүйерлер де жоқ емес. Қазір сол кісілердің бірімен сұхбаттасып көрейік.
«Біздікілер бір оқпен атып жатыр. Өзге елдермен салыстырғанда дайындығы жақсы», – деді жанкүйер Атабек Сағымбаев
«Артиллериялық атыс шеберлері» байқауы 3 кезеңнен тұрады. Олар жеке жарыс, түнгі спринт және эстафета бойынша бақ сынайды.
Әлібек Шынтемір, Сағынғали Мұңайтпасов, «Алматы» телеарнасы