Әуезов ауданында 120 бүлдіршінге арналған балабақша ашылды

08.06.2019 02:11

Жыл соңына дейін тағы 9 мемлекеттік балабақша салу жоспарланған

Almaty.tv

Қазақ тілді балаларға арналған мекеме мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында іске асқан. Жалпы  Алматыда мектепке дейінгі  мекемемен қамтамасыз ету көрсеткіші 83 пайызды құрайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қалада 70 мыңнан астам бала бөбекжайларға барғанмен, 21 мыңнан астам  сәби кезекте әлі тұр. Жыл соңына  дейін тағы 9 мемлекеттік балабақша салу жоспарланған.

Қала берді, бүгінде «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 400-ден аса бала балабақшада тегін тәрбиеленіп жатыр.

«Жыл сайын Алматы жас отбасылармен толығып отырады.  Өңірлерден қалаға көшіп келеді, осы жерден жұмыс, жайлы өмір тапқан соң, дүниеге көбірек балалар келеді. Ал, біз үшін демография мәселесі өте өзекті», – дейді Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек.