Мектептердің латын әліпбиіне қашан көшетіні белгілі болды

15.03.2021 в 22:22

Ол туралы Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов айтты

shymkenttv.kz

2023 жылы мектептер латын әліпбиіне және 12 жылдық білім беру жүйесіне көшеді. Ол туралы Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзінше, 12 жылдыққа көшу бағытында мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, үлгілік оқу бағдарламалары жаңартылатын болады. Математика, информатика және тілдерді оқытуға басымдық берілмек. Сондай-ақ, Дүниежүзі тарихы мен Қазақстан тарихы бойынша бірыңғай оқулықтарды енгізу жоспарлануда. Оқулықтарды сараптау және іріктеу рәсімінде сарапшылардың біліктілік деңгейіне қойылатын талаптар қатаңдатылады.