Көпбалалы аналарға арналған «Іскер ана» орталығы алғашқы түлектерін марапаттады

16.12.2020 в 23:23

Кәсіп бастағысы келген батыр аналар жарты жылға жуық бизнестің қыр-сырын осында жүріп үйренген


Көпбалалы аналарға арналған «Іскер ана» орталығында әлеуметтік бизнес инкубаторының алғашқы түлектерін марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кәсіп бастағысы келген батыр аналар жарты жылға жуық бизнестің қыр-сырын осында жүріп үйренген. Нәтижесінде 30-дан астам көпбалалы ана қолөнер түрлерін игеріп, 5-уі мемлекеттік қолдаудың арқасында грант ұтып алды.

«Гранттың арқасында 2 миллион теңге ұтып алдым. Әрі қарай жалғастырсам ба деген ойдамын. Мемлекеттен қандай көмек бар екенін, көпбалалы аналарға қандай мүмкіндік бар екенін осы орталыққа келіп білдік», – деді көпбалалы ана Жанат Жұмабекова.

«Жоспарларымыз бойынша алдағы уақытта тағы бір осындай орталықтың филиалын ашу ойымызда бар. Оған ғимаратымыз да дайын тұр. Қолдаудың арқасында көптеген аналар бізде оқып, сертификат алып жатыр. Егер ол кісілер әрі қарай бізге келетін болса, қолдауға дайынбыз», – деді Медеу ауданы әкімінің орынбасары Айдос Нұрлыбаев.