Құқықтану, шекара ісі және қаржы факультетіне түсу үшін 1 500 000 теңгеге дейін төлеуге тура келеді
Курсив.кз порталының зерттеуі бойынша, үздік үштіктер қатарында құқықтану, шекара ісі және қаржы факультеттері тұр. Аталған мамандықты игерем деушілерге жылына 420 мыңнан 1 500 000 теңгеге дейін төлеуге тура келеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Баға жоғарғы оқу орнына байланысты. Төрт-бесінші орында бугалтерлік есеп және аудит пен экономика тұр. Сонымен қатар, менеджмент, маркетинг пен мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығын оқу үшін студенттер 1 миллион 250 мың теңге сарп етеді.
Топ 10-дыққа халықаралық байланыс, әлемдік экономика және ақпараттық жүйе мамандықтары енген. Аталған факультетерде білім алу үшін тәлімгерлер 510 мыңнан 1 миллион 200 мың теңгеге дейін ақша жұмсайды. Портал мәліметі бойынша, оқу құны университеттердің статусына байланысты.
Айта кетейік, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында өзге облысқа қарағанда баға әлдеқайда жоғары.
Қазақстандағы ең қымбат 10 мамандық
Құқықтану
Шекара ісі 420 мың тг - 1 млн 500 мың тг
Қаржы
Бухгалтерлік есеп және аудит
Экономика 1 млн 250 мың тг
Менеджмент
Маркетинг пен мемлекеттік және жергілікті басқару
Халықаралық байланыс
Әлемдік экономика 510 мың тг - 1 млн 200 мың
Ақпараттық жүйе