Саясаттанушы соның арқасында еліміздегі террористермен күрес тез әрі нәтижелі болғанын айтты
Ұлттық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы басшыларының көмегіне жүгіну Мемлекет басшысының ұйымдастырылған, сараланған дұрыс шешімі болды. Соның арқасында еліміздегі террористермен күрес тез әрі нәтижелі дей аламыз. Саясаттанушы Расул Жұмалы осындай пікір айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Саясаттанушы бүгінде бітімгерлердің еліне қайта бастауы жұмыстың нәтижелі болғанын әрі о баста елдегі түрлі үрейдің сейілгенін көрсетеді дейді.
«Менің ойымша, елдегі жағдайды тұрақтандыруда кез келген мүмкіндікті пайдалану керек болды. Оның ішінде, қосымша мүмкіндік, опция ретінде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы болса, меніңше, оны да пайдалану – мәжбүр де болса қажет мәселе. Айналып келгенде, антитеррорлық әрекеттерді бір күн болсын, ертерек бітіруге септігін тигізер болса, меніңше, бұл өзін ақтаған қадам болды», – деді саясаттанушы Расул Жұмалы.