Елімізде алқабилер қатысуымен өтетін сот істерінің көлемі артуы мүмкін

иллюстративное фото
иллюстративное фото
Бұдан былай алқабилерге қылмыстың 39 құрамы бойынша іс қарауды енгізу көзделіп отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде алқабилердің қатысумен қаралатын істер саны күрт азайып кеткен. Олар былтыр бар болғаны 50 шақты істі қараған. Сондықта Жоғарғы сот алқабилердің қатысуымен өтетін істердің тізімін кеңейтуді ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұдан былай алқабилерге қылмыстың 39 құрамы бойынша іс қарауды енгізу көзделіп отыр. Осыдан 12 жыл бұрын енгізілген іс жүргізу жүйесі бойынша Қазақстанда 300-ден астам алқаби жұмыс істейді. Ал алқабилер сотталмаған, әділетті шешім шығаруы тиіс мемлекеттік қызметте жұмыс істемейтін болуы керек. Бүгін осы және өзге де қылмыстық саясаттағы өзекті мәселелер VIII халықаралық ғылыми конференцияда талқыланды.  

«Бүгін біз дәстүрлі түрде сот жүйесін дамытуға арналған конференцияны бастадық. Биыл басты үш мәселе қаралады. Сотқа дейінгі іс жүргізу реформасы, конститутциялық құқықтарды қорғау, қылмыстық саясатты ізгілендіру және заңды одан әрі жетілдіру мәселесін талқылаймыз. Әр жылдары тақырып ауысып тұрады. Жалпы, адамның құқығын аяқ асты етпеу қаперімізде. Алқабилер сотына қатысты өзгерістерді енгізу жоспарда бар», – деді ҚР Жоғарғы сот әкімшілігі басшысының орынбасары Аслан ТӨКЕЕВ.

Айта кетейік, елімізде жылына 1500-ден астам аса ауыр қылмыс жасалады. Ал барлық құқық бұзушылықты қосқанда әр жыл сайын сот 30 мыңға жуық істі қарайды.  


Новости партнеров