|
22.01.2020 | 17:26
1452

Bek Air апатынан зардап шеккендер әлеуметтік желіде Тоқаевтан көмек сұрады

Олар Мемлекет басшысынан апаттың шынайы тексерілуін қамтамасыз етіп, авиакомпаниядан тез арада өтемақы алуға көмек сұрады

Bek Air апатынан зардап шеккендер әлеуметтік желіде Тоқаевтан көмек сұрады planespotters.net

Бек Эйр ұшағының апатында зардап шеккендер әлеуметтік желілердегі парақшаларында Президентке жүгінді. Олар Мемлекет басшысынан апаттың шынайы тексерілуін қамтамасыз етіп, авиакомпаниядан тез арада өтемақы алуға көмек сұрады. Зардап шеккендердің бірі Әсел Әбілдаева Instagram-да хат жариялады, деп хабарлайды Stan.kz.

«Адамдардың жарақат алу салдарынан мектепке бара алмағаны йтыны немесе жұмыс істей алмағаны үшін ештеңе өтелмейді. Көпшілігі ұзақ уақыт жұмысқа бармағандықтан тұрақты жұмысынан айрылды. Марқұмдардың отбасы әлі күнге дейін компаниядан уәде етілген қаражатты ала алмай жүр (Amanat сақтандыру компаниясынан). Ал, адамдардың Бек Эйрдің кінәсінен, қауіпсіздік талаптарын сақтамайтындықтан жақындарын жоғалтқанына мән бермейді», - делінген хатта.

Зардап шеккендер әуе компаниясы тоқтатылғаннан кейін оларға билеттің ақысын қайтарып бермегендерін де айтады.

«Компания материалдық залалды (жоғалған немесе бүлінген барлық мүлік үшін) және моральдық зиянды төлеуге міндетті. Тәжірибеден  әрқайсымызда қорқыныш қалды және бұл өмір сүру барысында өте маңызды қажет», - деп қосты Әсел Әбілдаева.

Зардап шеккендер президенттен материалдық және моральдық залалдың орнын толтыруды бақылауды сұрайды.

«Біз барлық төлемдерді тезірек жүргізуді сұраймыз. Қазақстанда әлі де адал тергеу жүргізіліп, содан кейін барлық жауаптылар жазаланатын болады деп үміттенеміз», - делінген хатта.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

көмек
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир